«EXPO-2017» аясындағы иновациялық технологиялар»

2017 жылдың 27-29 наурыз аралығында  Зайсан аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «EXPO- 2017» аясындағы иновациялық технологиялар» атты балалардың техникалық шығармашылығының аудандық байқауы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар арасында ғылыми-техникалық, құрастырушылық ой қабілеттерін олардың ізденгіштік, өнертапқыштық дағдыларын қалыптастыру, дамыту, үйлестіру, озық тәжірибедегі жұмыстарды даралап кеңінен насихаттау.
Аудандық көрмеге мектепішілік байқау жеңімпаздарының жұмыстары қойылды. 25 мектеп «Техникалық шығармашылық», «Ұлттық қол өнер», «Оқу көрнекілік», «Қолданбалы өнер», «Көркем сурет» - тақырыптарына сәйкес көрменің 6 бөлімі  бойынша  экспонаттар қойылды. Жеке пәндерден физика, география, химия, өлкетану, биология, психология, технология және сызу пәндерінен жұмыстар болды. Көрмеге әкелінген экспонаттарды әр оқушы өзі қорғап, экспонаттың өндіріске қажеттілігін дәлелдеді. Көрменің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жеңімпаздар барлық бөлімнен алған ұпайлар қосындысы бойынша анықталды.
І орын 238 ұпаймен М.Ломоносов орта мектебі,
ІІ орын 203 ұпаймен Х.Мұстафина мектеп-лицейі,
ІІІ орын 165 ұпаймен Ю.Гагарин орта мектебі мен 147 ұпаймен М.Дәуленов мектеп-интернаты иеленді.

  • «EXPO-2017» аясындағы иновациялық технологиялар»
  • «EXPO-2017» аясындағы иновациялық технологиялар»
  • «EXPO-2017» аясындағы иновациялық технологиялар»