«Біз біргеміз!»

14.04.2017ж білім бөлімінің ұйымдастыруымен, спорт бөлімінің қолдауымен әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу іс-шаралары аясында, 8-10 сынып оқушылары қатысқан «Біз біргеміз!» акциясы болып өтті. Акцияның мақсаты: оқушыларға кез-келген зорлық-зомбылық түрінен қорғану жолдарын көрсету, өз-өзін қорғау дағдысын қалыптастыру. Жүргізілген бағдарлама жасөспірімдерге әр түрлі  психологиялық, физикалық тұрғыдан және интернет желісі арқылы көрсетілетін жәбірлеу жолдарының алдын алу бойынша шараларды қамтыды. Мектеп психологтары Ажахметова Гульфайрус бен Дүйсенбек Арай психологиялық тренинг жүргізсе, «Сайхан» спорт клубының дзюдо бойынша жаттықтырушы Утесинова Бибинур қорғану жаттығуларын көрсетті. Осымен қоса, тәрбие бөлімі балаларға қауыпсіз интернет туралы ақпарат беріп, бейнероликтер көрсетті.

  • «Біз біргеміз!»
  • «Біз біргеміз!»
  • «Біз біргеміз!»
  • «Біз біргеміз!»

 

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 18-04-2017