Аудандық «Шығыс жұлдызшалары» конкурсы

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенімен бірлесіп мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық «Шығыс жұлдызшалары» конкурсының  аудандық жобаларды қорғау кезеңіне 8 секция бойынша 11 мектептен 21 оқушы қатысты. Валеология мен экология секциясы, биология мен химия секциясы, тарих және өлкетану секциясы, медицина мен психология секциясы, математика секциясы, қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша  жүлделі орын алған балақайлар білім бөлімінің мадақтау қағазымен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.

  • «Шығыс жұлдызшалары»
  • «Шығыс жұлдызшалары»
  • «Шығыс жұлдызшалары»
Парақтар өзгертілді: 18-04-2017