«Таңшолпан» балалар шығармашылығы фестивалі

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтар Ассамблеясының 22 жылдығына және 1 мамыр- халықтар бірлігі күніне арналған «Таңшолпан» балалар шығармашылығы фестивалі М.Әуезов атындағы орта мектебінде өтті. 21 мектептен 300-ге жуық оқушы  қатысқан бұл фестивальдің мақсаты- ҚР халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт – дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы  шығармашылық білімдерін көрсету;оқушыларға патриоттық тәрбие беру. 21 мектептің қатысушылары 21 ұлт туралы презентация жасап, ұлттық киім үлгісінде ұлттық билерін билеп, ұлттық тағамдарын дайындап,салт-дәстүрлерінен қойылымдар көрсетті.Фестиваль өте жоғары деңгейде өтті. «Жастар» орталығының директоры О.Шәріпбеков алғысы мен  ақ жарма тілектерін жеткізді. Фестивальға қатысқан жас дарындылар аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

  • «Таңшолпан»
  • «Таңшолпан»
  • «Таңшолпан»
  • «Таңшолпан»