Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына орай аудан әкімінің жүлдесіне арналған ХХІ халықтық спорттық ойындары

Үстіміздегі жылдың 5-9 мамыр күндері аралығында Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына орай аудан әкімінің жүлдесіне арналған ХХІ халықтық спорттық ойындары болып өтті. Жарыстың бағдарламасы аясында 5 мамыр күні қазақ күресінен, қол күресінен, гір көтеру спортынан, 6 мамыр күні волейболдан (ерлер, әйелдер), шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан, 9 мамыр күні бәйгеден, аударыспақ ойынынан жарыстар өтті.

Жарысқа 9 округ бойынша 400-ден астам спортшылар қатысты.

Тартысты өткен жарыста барлық  9 спорттық ойын түрлерінен өткен жарыстардың нәтижесі бойынша І орынды Шілікті ауылдық округінің командасы, ІІ орынды Қаратал ауылдық округінің командасы, ІІІ орынды Қарабұлақ ауылдық округінің командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздары бағалы және ақшалай сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.

ХХІ халықтық спорттық ойындары

ХХІ халықтық спорттық ойындары

ХХІ халықтық спорттық ойындары

ХХІ халықтық спорттық ойындары

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

 

 

Парақтар өзгертілді: 11-05-2017