«Жұмыссыз жастар үшін ашық есік күні» Республикалық акциясы

24 шілде күні аудандық ішкі саясат бөлімі, Зайсан ауданының әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде Республикалық акция аясында «Жұмыссыз жастар үшін ашық есік күні» атты акциясы өтті. Акцияға жұмыс берушілер қатарынан жұмыспен қамту орталығы, «Сайхан» ЖШС атынан Дедкова Елена Анатольевна, «СМУ-Шығыс»ЖШС атынан Ахметжанов Талант, «Зайсан құрылыс» ЖШС атынан Тоқбаева Раушан Құрманғалиқызы, орман шаруашылығы атынан Қасенбаев Қайрат және аудандық білім бөлімі атынан Келгенбаев Ермек келіп қатысты. Акция барысында жұмыссыз жастар бітірген мамандықтары бойынша жұмыс сұрап, түйіндемелерін өткізіп кетті. Өткізілген түйіндемелер тіркеліп, құзіреттілігі жоғары орындарға жіберіледі. Қазіргі таңда «Сайхан» ЖШС, «СМУ-Шығыс»ЖШС, «Зайсан-құрылыс» ЖШС экскаватор, бульдозер, камаз жүргізушілерін және тас қалаушылар, сварщик, электрик, токарь, эколог, таукен мамандықтары бойынша жұмысшыларды қажет етеді. Ал білім саласы бойынша химия, физика, тарих, ағылшын тілі пәндері бойынша мамандық иелеріне сұраныс өте көп. Жұмыспен қамту орталығының басшысы Алибеков Аян Рақбайұлы келген жастарға мамандықтары бойынша 6 ай іс-тәжірбиеден өтуге болатынын мәлімдеді. Және жұмыс берушілерге егер де бос ваканнтық орындар болатын болса немесе белгілі бір мамандық бойынша маман іздеген жағдайда Республика бойынша сайтқа хабарландыру жариялауға болатынын айтып өтті. Егер жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша бітірген мамандық иелері бар болса осы ЖШС-ға барып жұмысқа орналасуға болады.

«Жұмыссыз жастар үшін ашық есік күні» Республикалық акциясы

«Жұмыссыз жастар үшін ашық есік күні» Республикалық акциясы

«Жұмыссыз жастар үшін ашық есік күні» Республикалық акциясы

«Жұмыссыз жастар үшін ашық есік күні» Республикалық акциясы

Парақтар өзгертілді: 25-07-2017