Аудандық ардагерлер кеңесі

1983 жылы майдангер, Зайсанның өсіп өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген Байғанбек Құдабаев ағамыз ұйымдастырған аудандық ардагерлер кеңесі 32 жыл тынбастан жұмыс істеуде. Халықтың қалың ортасынан шықпай мұң-мүддесін қорғаған, қамқоршы болған қоғамдық ұйымның тындырғаны көп. Жастарға үлгі-өнеге көрсету, тәлім-тәрбиеге атсалысуды ең басты мақсат еткен ардагерлер аудандағы мәдени-көпшілік, үгіт-бұқаралық шаралардың басы-қасында, бел ортасындажүр. Аудандық ардагерлер кеңесін 2010 жылдан бері Тұқан Кенжалыұлы Мырзаханов басқаруда. Соңғы жылдары кеңестің жұмысына тың серпін беріліп, белсенділігі артты. Жаңаша бағыт-бағдар белгіленіп, игілікті істерге бетбұрыс жасалды, шығармашылық, бастаушылық деңгейі көтерілді.
Тұқан Кенжалыұлы кеңес жұмысына қазіргі зейнеткерлер, кезінде аудан өдірісін өрге тартқан беделді басшы, мамандарды, озаттарды, білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениет пен өнердің, спорттың, әлеуметтік қызметтің, ішкі істердің, заң орындарының майталмандарын тартып, топтастырып, бірегей мақсатқа жұмылдыра білді. Оның нәтижесі қуанарлық.
Зайсан аудандық ардагерлер кеңесі Шығыс Қазақстан облысында, Қазақстан Республикасында ең алдыңғы қатарға шықты, Зайсан атағын, даңқын шырқау биікке көтерді. Кеңесте құрылған «Бәйтерек» ән-би ансамблі Республикалық ардагерлер кеңесі жариялаған, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» фестиваль-байқауында облыста бас жүлдені, Республикада екінші орынды жеңіп алды. Кеңес жастарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі облыстық байқауда жеңімпаз атанды. Басқа да конкурс, сайыстардан үнемі жүлделермен оралуда. 2014 жылы аудан әкімі А.А.Оңдақановтың қолдауымен ашылған «Мұрагерлер» үйінің қабырғасында кеңеске берілген грамота, диплом, алғыстар самсып тұр. «Мұрагерлер» кірсе шыққысыз, көз тартарлық, жақсы жабдықталып, безендірілген. Ол өнердің, тәлім-тірбиенің шанайы орталығына айналды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Зайсан ауданының тарихы, ұлы Абайдың шығармашылығына арналған сұрақ-жауап викториналар, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай шағарылған «Майдан, тыл ардагерлеріне – тағзым!» кітабы, шахмат, дойбы турнирлері, сауық өнер кештері, салтанаттар, тағы басқа толымды жұмыстар аудандық ардагерлер кеңесі атқарған тынымсыз істерді айшықтандыра түседі.
Бану Құпиева басқарған, 15 жыл ауданды әнмен тербеткен «Ақ әжелер» клубы, ақындар, әншілер, бишілер, ауданның бетке ұстар ардагерлерінің көбі «Мұрагерлер» үйінде жиналады.
Осы ортада жүрген елге танымал арқалы ардагер, ауданның құрметті азаматы Қуанышбек Әшімханов, «сегіз қырлы, бір сырлы» Бисара Қашағанова, жүрген жері думан, әнші, әзілші Советхан Сәлиев, көптеген кітап шығарған, шежіреші Қалибек Алтыбаев, ұлағатты ұстаз, шебер биші Гулбаршын Берденова жөнінде осы кітапта мақала, өлеңдер бар. Алматының Абай атындағы опера және балет театрыныңстудиясынан актерлік, режисерлік мамандық алған, лирикалық баритон дауысты әнші, жасы 80-ге тақаса да сахна сәнін келтіріп жүрген, ақындығы, батагөйлігімен де әйгілі, ауданның құрметті азаматы Илхам Ниғметжанов, бармағынан күй саулаған, атағы алысқа кеткен дәрігер хирург, «Шапағат» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері Бітімхан Қошпанов (кітапта ол жөнінде арнаулы жазба бар), суырып салма, төкпе ақын ақын Совет Салықбаев, ұзақ жылдар «Достық» газетінің тілшісі болған Советхан Закиев, ауыл шаруашылығының, жастарғакәсіптік білім беру маманы, басшысы, палуан, «Атамекен Зайсан», «Менің құрдасым», «Ұстаз – елдің тірегі, мектептің жүрегі» кітаптарында өмір, еңбек жолдары әйгіленген Абай Кемелбаев, ауыл әкімдері болған Айнабек Хамитов, Саяш Нәсіретов, Мәлік Қабылов, Ғалия Серікбаева, мектеп басқарған, аудандық оқу бөлімінде ұзақ жылдар инспектор болған Мұратбек Бадиков, мектеп, емхана, ферма, спортты басқарғандар Гүл Жайлаубаева, Мұқан Зайтынов, Қуаныш Ыдырышев, Дикен Солтанов, Зайсанбек Қажанов, Шайза Рахметолданов, ұстаздар, медицина мамандары, мәдениет, өнер майталмандары Нұрипа Рахымжанова, Нұрайша Бұлғақова, Шолпан Мұхамәдиева, Үміт Нұрасылова, Қуаныш Бұрынбетова, Рузан Жапарова, Құмарбек Нұрғалиев, Ғалия Төленова, Күләш Ынтықбаева, Милиса Рычкова, Рахима Бөлеуова, Әсия Мұқатаева, Айгүл Бесбаева, Клара Молдабаева, Райса Елеуова, Валентина Сергеева, Венера Тайырбергенова, Алтын Садықова, Сәлима Мамырбаева, Әлимаш Әкімбаева, Ардақ Тұрғанбаева, Мұрат Далабаев, ақын Меделхан Қасенова, мекеме, кәсіпорын маман, басшылары Баяхмет Нұрпейісов, Сайлау Тоқтаров, Ораз Қабанбаев, Толқынбек Тұмсабаев, Батыр Кегенов, Тұрсынхан Молдаханов, Кеңесхан Ыдырышев, еңбек көрегін қыздырған Мұрат Жұмағалиев, Болат Бақтыбаев, Ақат Уәлиев, Ризабек Елеуов, ұзақ жылдар «Достық» газетінде қызмет ісген, басқарған, «Қазыналы қариялар» журналын шығарған редактор Әмина Сақажанова, ауданда басшылық қызметтер Райса Шотаева, мекеме, ауылдардағы бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары Ербол Шеңгелбаев, Шаймардан Оралбаев, Шәкен Қабытаев, Қуанған Әдиев, Мырзабек Нұрбаев, кезінде аудандық, қалалық ардагерлер кеңесіне белсене қатысқан Сәния Ілгекбаева, Сейфолда Бекқалиев, тағы басқаларды мақтан тұтамыз.
Аудандық ардагерлер ұйымының жұмысына белсене қатысқан, қазір ортамызда жоқ Сайлау Берікболов, Қайролда Қасенов, Ыбырай Талдыбаев, Омархан Ықыласов, Әшім Қасымов, Шырғабаева З., Баубаева Мастура, Кеңесов Қыдырмолда т.б. есімдері есімізде.

Районный совет ветеранов

Районный совет ветеранов

Районный совет ветеранов

Районный совет ветеранов

 

Парақтар өзгертілді: 28-07-2017