2016-2017 оқу жылында оқушылардың жазғы демаласын ұйымдастыру «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде

«Экспо 2017» көрмесіне өз қаражатымен 29-оқушынының тобына мектеп-лицей тәлімгері Смағұлова Айнұр, медбике Серікбаева Бағдагүлдің жектешілік етті.

Мектеп оқушыларынан 23- аза қамтылған оқушыларды апаруда Қ.Б.Бақытбекова жетекшілік етті. Саяхатты оқушылар Астана қаласының сәулетті ғимараттарын, «ЭКСПО 2017» қалашығындағы халықаралық көрмелерді тамашалады. Оқушылар жақсы көңіл күймен оралды.


«Туған өлкеге саяхат» бағыты бойынша Зайсан өлкесіне топ жорықтар ұйымдастырылды

Зайсан - Дайыр өңірі бағытында 10 «ә» сыныбы ның жетекшісі  Ч.А.Сағиева, 9 «ә» сынып жетекшісі А.Ж.Рахымжановалар ұймдастырды. Оқушылар жаздың шуақты күнінде суға шомылып, табиғатты тамашалап, спорттық ойындар ойнап, осы күнді көңілді өткізді. Мектеп автобусының жүргізушісі Т.Ш.Қиямазановата оқушылардың ұйымдасқан түрде баруларына жауапты болды.

Зайсан қаласы - Зайсан көлі бағытындағы саяхатты 10 «а» сынып жетекшісі Ш.М.Медеубаева ата-аналарымен ұймдастырды. Осы саяхатқа 23 оқушы қатысты. Ата-аналар көлікпен ұймдастырып демеушілік жасады.
Автобуспен барар жолда оқушылар көңілді әндерін, әзілдерін айтып, үлкен белсенділікпен, қызығушылықпен серуенге барды. Оқушылар көлге түсіп, демалып қайтты. Сауықтыру мақсатында өздері апарған доптарымен жағалауда воллейбол ойнады, суға малтудан жарысты, әр түрлі ойындар ұйымдастырды. Демалыстар өте қызықты, есте қаларлықтай  болып өтті.

9 «а» сынып оқушыларын ұйымдастырған директордың орынбасары әдіскер Ж.Б.Вахитованың жетекшілігімен Зайсан көліне демалуға барып қайтты.
Демалысқа тек оқушылар ғана емес сонымен қатар ата-аналарыда ат салысып барып, оқушылармен уақыттары қызықты өткізді. Оқушылар көлге түсіп демалып қайтты. Жағалауда волейбол ойнады, ата-аналарымен бірге әр түрлі ойындар ұйымдастырды. Сыныптың суға түсе алмайтын балаларына суға жүзуді үйретіп, оқушылар бір-біріне көмектесіп жатты. Демалыстар өте қызықты, есте қаларлықтай  болып өтті.

Зайсан қаласы Жеменей өзені бағыты бойынша саяхатты 9 «б» сынып жетекшісі Ж.Қ.Қожағалиева ұйымдастырды. . Жеменейдің жағасына жасалған демалуға арнайы орынға барып, оқушылар уақыттарын көңілді өткізіп қайтты.  Өзеннің суына түсіп, екі топқа бөлініп сумен атысып, суға шомылды. Табиғат аясында фотоға түсіп, өздерінің дайындаған тамақтарын ішіп, уақытты жақсы өткізді.

Зайсан - Шілікті қорығы бағытындағы саяхатқа 6 «а» сыныбының 15-оқушысы мен сынып жетекшісі Кенжалина Айжанның ұйымдастыруымен «Шілікті» қорығына барып демалып қайтты. Сыныптың ата-аналарыда бұл шарадан тыс қалған жоқ. Балаларының тарихи орындарға барып, тарих шежірелерін өз көздерімен көргендері дұрыс деп есептеді. Оқушылар мектеп автобусымен директордың және ата-аналардың демеушілігімен барып қайтты.


Зайсан – Үлбі сауықтыру бағыты

Өскемен қаласының маңында орналасқан «Үлбі» жазғы сауықтыру лагеріне Кенжалина Айжан жетекшілік жасап, ата-ана қаражатымен мектебімізден 20-оқушыны ұйымдастырып демалуға апарды. Оқушылар жеті күн сауықтыру алаңында демалды. Әр күндері ұйымдастырушылардың жоспары бойынша өтіп, оқушылардың мүлдем бос уақыттары болмады. Сауықтыру алаңы аймағында орналасқан бассейнге түсіп, таза ауада серуендеп, кешкі уақытта алау жағып уақыттарын көңілді өткізді. Сонымен қатар басқа аймақтардан келген оқушылармен танысып өздеріне жаңа достар тауып қайтты. Сауықтыру лагерінен қайтқан кезде оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, демалыстар қызықты өткендері туралы айтты.


Зайсан – Берел бағыты

Зайсан – Берел бағытындағы саяхатқа 8 «а» және 7 «б» сынып оқушылары қатысты. Саяха«Мұзтау» лагерінде жаңа достар тауып, әр күнін көңілді өткізді.
Оқушылар Қатонқарағайдың әсем табиғатын тамашалап, тарихи орындарымен танысты.

Тамыз айында саяхаттар ұйымдастыру өз жалғасын табыды.

  • «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде
  • «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде
  • «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде
  • «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде
  • «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде
  • «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде
  • «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде
  • «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде
  • «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде
  • «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде» жоспарлы жүргізілуде

Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицей директоры Т.Ж.Салбанова

 

Парақтар өзгертілді: 01-08-2017