Салық төлеушілердің назарына!

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 658-бабында салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері жөнінде хабардарлығын арттыру көзделген, оның ішінде олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу арқылы хабардарлығын арттыру қарастырылған.

Салық заңнамасын насихаттау семинарлар, отырыстар, кездесулер арқылы, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ ақпарат тарату үшін қолданылатын техникалық құралдардыпайдалана отырып ақпараттарды тарату арқылы жүзеге асады.Сонымен қатар, телефон және ұялы байланыс құралдары арқылы хабарламалар жіберу де бүгінгі таңда қолжетімді, яғни, салық төлеушінің ұялы телефондарына хабарлама (СМС) жолдау арқылы  салық төлеу және салық есептіліктерінің өткізу мерзімдері туралы ақпараттар берілетін болады.
Осыған байланысты салық төлеушілер өздерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналасқан мемлекеттік кірістер органына барып, тіркеу мәліметтеріне қосымша байланыс телефоны, ұялы телефон номерлерін және электондық пошталарын енгізулері қажет.

Бұл – салық төлеушілерге салықтық міндеттемелерін уақытында және толық орындауларына берілген мүмкіншілік.

 

Аудандық мәслихат хатшысы Д.Ыдырышев