Волейболдан аудандық балалар лигасының күзгі чемпионатының  ІІ кезеңі

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде волейболдан аудандық балалар лигасының күзгі чемпионаты болып өтті. Барлығы 13 команда қатысқан жарыс М.Дәуленов атындағы мектеп интернатының, М.Ломоносов, М.Әуезов атындағы орта мектептерінің және аудандық мәдениет үйінің спорт залдарында өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша:

Ұлдар арасында І орынды М.Әуезов атындағы ортма мектебі, ІІ орынды Шілікті орта мектебі, ІІІ орынды Когедай орта мектебі иеленсе;

Қыздар арасында І орынды Көгедай орта мектебі, ІІ орын М.Ломоносов атындағы орта мектебі, ІІІ орынды Шілікті орта мектебі иеленді.

Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.

 

Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі