Пештегі өрттен сақ болайық !!!

Тұрғын үйлерде өрттер жиі болып тұрады. Осындай жағдайдан қаншама адамдар зиян шегеді. Негізінен өрттер  күз бен қыс кездерінде жанба отынмен жанатын пештердің дұрыс салынбауынан болады.

Сондықтан да пеш салушылардың есіне саламыз!

Пешті салар кезде мына төмендегі ережелерді сақтаңыздар:

-қабырғадағы жанба зат пен пештің арасы 70 см аралықта болуы керек;

-пештің мұржасынан шығатын жері (разделка) 500 мм болсын;

-пештің алдындағы орынға 50-70 см қаңылтыр төселуі шарт;

-пештен шығатын күл не шлактар сумен өшіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге төгілуі қажет;

-пештің астындағы жанғыш едендерге балшықпен   немесе азбест ерітіндісімен төселіп, үстінен қалыңдығы 0,012 метр болатын қаңылтыр жабылуы керек.

Сондықтан да өрт қауіпсіздігін мұқият сақтасақ өз өмірімізді және байлығымызды тілсіз жау -  өрттен сақтай алатын боламыз.

Зайсан қаласы №43 ӨСБ-нің инженері  азаматтық қорғау капитаны
Ә. Төлегенова