«Жасыл ел»

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты қорғау, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2005 жылы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын енгізген болатын. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысы бүгінгі күнде Зайсан ауданында жүйелі түрде қолға алынды.

6 қазан күні Жарма ауданында  «Жасыл ел» еңбек маусымының салтанатты  XIII жабылу кеші өтіп 2017 жылғы маусымның қорытындысы анықталды. Кеш барысында биылғы маусымның үздіктері арнайы сыйлақтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Зайсан  ауданы  «Үздік аудан» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.