Тұрмыста газды пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларға жол бермеу

Осындай ұранмен Зайсан ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері «Зайсан ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» қызметкерлерімен бірлесіп рейд өткізді. Аудан аумағында жылыту маусымының басынан бері тұрмыста газды пайдалану кезінде трагедиялардың алдын алу үшін азаматтарға профилактикалық әңгімелер өткізіліп, үйді жылту және газды қауіпсіз қолдану бойынша жаднамалар таратылды.

Қаланың газбен қамту ұйымдарының қатысуымен газ баллондарын сату және қала үйлерін газбен қамту жүйесі мен газ жабдықтары жағдайы мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Зайсан ауданының ТЖБ тұрғындарға газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске салады:

Тұрмыстағы газ өрттерінің  алдын алу бойынша шаралар:

- Жылына 2 рет газ жабдығына профилактикалық қызмет көрсетілсін, бұл ретте қаралады, тазартылады, майланады, тығыздайды, газ жабдығы реттеледі. Абоненттерге нұсқаулық техникалық қызмет көрсету карточкасына қою арқылы жүзеге асырылады.

- Газ тұратын жерге сыйымдылығы 50 литрлік бір баллон немесе сыйымдылығы әрқайсысы 27 литрлік2 баллоннан артық қоюға болмайды. Баллондар газ аспаптары сақталған жерде тұруы қажет.

Газ жарылысының алдын алу үшін мыналарға қатаң тыйым салынған:

1. Қосылып тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыру;

2. Газ жабдығын өздігінен қозғау, газ құралдарының конструкциясына өзгеріс енгізу;

3. Газ құралдары мен газ баллон қондырғыларына мектеп жасына дейінгі балаларды, сондай-ақ іс-әрекетін бақылай алмайтын және газды қолдана білмейтін адамдарды жіберу;

4. Үйге  өздігінен газ жүргізу, газ жабдығын қайта орнату, ауыстыру және жөндеу;

5. Газ құралдары, автоматикасы, арматура мен газ баллондары жұмысқа жарамсыз кезде газды қолдану;

6.  Терезе, желдету каналдары торы жабық тұрған кезде газ құралдарын пайдалану;

7.  Газ және газ құралдарын мақсатсыз қолдану.

Газдың исі білінген кезде дереу газ құралдарын қолдануды тоқтатып, желдету үшін терезе ашу керек. От жағуға,  темекі шегуге, электр жарығын қосып және ажыратуға болмайды және электр құралдарын өшіру, электр қоңырауларын қолдануға тыйым салынады. Газ құралдарының барлық крандарының жабылғандығын тексеріп, «104» телефоны бойынша авариялық қызметін шақыру.

Газ құралдарын қолдану кезінде мынаны білу қажет:

- газ құбырларының қосылуын, сондай-ақ газдың ағуын сабын көпіршігінің көмегімен анықтау;
- газ құралдарын таза ұстау;
- газ беру тоқтатылған кезде газ пештерінің жанарғы алдындағы краны дереу жабылуы тиіс,
- импорттық құралдарды пайдалану кезінде құралға қоса берілген нұсқаулықты қосымша зерделеу.

Зайсан ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры Р.М. Баймурзин