Орман және дала өрттерінен сак болайық

Табиғаттың басты жауы өрт екені бәрімізге мәлім. Үстіміздегі жылдың күз айларының құрғақ болуына байланысты, Зайсан ауданында  орман және дала өрттері көбеюінің қауіпі өте жоғары болып тұр. Осының салдарынан дала өсімдіктері орман шаруашылықтарына қарасты жерлерде өртеніп,  табиғатымызға зиян келуде.

Қазіргі таңда, әсіресе көктем мен күз айларында далалық жерлерді тазарту мақсатында әдейі өрт қояды. Ал адамның ойламай жасаған іс әрекетінен  қаншама жер өртеніп, елдімекенге, орманды алқаптарға, өзімізді қоршаған ортаға және табиғатымызға қауіп төнеді.

Сонымен қатар бұл өрттерді өшіру үшін ауыл әкімдіктері, орман шаруашылығы, өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының арнайы техникалары күні-түні тынымсыз жұмыс істейді.

Біле тұрып немесе білместікпен далада, орманды алқаптарда өрт шығарудан аулақ болыңыз.

Темекі тұқылын, сіріңке қалдығын дұрыс өшіріңіздер. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңының 5-бөлімінің 24 бабында көрсетілгендей, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өртті көрген жағдайда өрт сөндіру бөліміне хабарлауға және шамасы келгеше өшіруге міндетті.

ҚР ҚК 188 бабында көрсетілгендей  «Біреудің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру - 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшелінде айыппұл салуға немесе бір жыл еңбекпен түзеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы» көрсетілген. Ал жауапкершілікке тарту жасына жетпеген балалардың қолынан жасалған қылмыс қолданыстағы заңнамасына сай ата-аналары жауапты болады. Қысқаша айтқанда, орманмен дала өртін шығару - мемлекет меншігіндегі мүлікті жою немесе бүлдіру. Ал заңды білместіктен жасалған қылмыс ешкімді жауапкершіріктен босатпайды.

Зайсан ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры Р. Баймурзин