Қазақстанның Халық сәртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Роза Рымбаева Зайсанға арнайы концерттік бағдарламамен келді. «Ән канатым» деген атпен өткен шығармашылық кеш Халық әртісінің мерейтойлық концерті. Бұл концертте Роза Қуанышқызы халық арасына  кеңінен тараған танымал әндерін орындап жүректерді әлдилесе, патриоттық туындылармен халықтың рухын көтерді. Ал кеш қонағы Ғибрат Азубаев салған әндер көңіл құсын шартарапқа құйқылжытып, көрерменді бір серпілтіп тастады. Әншілермен қосылып әуелете шырқаған Зайсандықтар бұл концерттен ерекше әсермен тарқасты. Кеш соңында Зайсан ауданының әкімі Т.Ж. Қасымжанов қазақы салтпен өнер иесінің иығына шапан жауып, Алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті.