Қарашаның 29 жұлдызында Қазақстан   Республикасының  Тұңғыш  Президенті күні  қарсаңында ауданымызда біршама тұрғындардың игілігіне арналған  жұмыстар жүзеге  асырылды. Соның бірі  Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың «Нұрлы  жол» мемлекеттік  бағдарламасы  аясында,   Зайсан қаласында 2016 жылы қолға  алынған  «Кәріз»  желілерін  салу  жұмысы  өз  мерзімінде  аяқталып,  қала  тұрғындарының  игілігіне тапсырылды.

«Кәріз су» құбырының жүйесін Сауыр, Мөлтек ауданы қауымдастығының төрайымы Самарханова Айман апай  мен аудандық  мәслихат  депутаты Бұлақбаев  Бақытбек Накенұлын іске қосты.

Шараға аудан әкімі Т.Қасымжанов, аудандық  мәслихат  хатшысы Д.Ыдырышев,  Ардагерлер кеңесі, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т.Бықаев, ішкі саясат бөлім басшысы З.Дуйсенбаева, «Достық» газет редакция ұжымы қала округі бойынша қауымдастықтың  төрағасы  Б.Қинашев, қала тұрғындары, т.б. қатысты.