Қаратал ауылық округіндегі таза ауыз су құбырының ашылу салтанаты

Қараша айының 29 жұлдызында Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі  қарсаңында , Зайсан ауданы Қаратал  ауылында  ауыз су құбыры  іске  қосылып, тұрғындардың  игілігіне пайдалануға  берілді.

Игілікті істе басшы  болып, жүзеге  асырылуына  ұйтқы болған  аудан әкімі  Қасымжанов Темірбек  Жұмақұлұлы.

Шараға аудан әкімі Т.Қасымжанов, Ардагерлер кеңесінің  төрағасы   М.Зайтынов,   Қаратал  ауылдық  округінің  мәслихат  депутаты  Қ.Сайранов,  Зайсан ауданының   құрметті  азаматы  Қ.Әдібаев,  еңбек  ардагері  Қ.Исаева,   Әйелдер  кеңесінің  төрайымы, еңбек  ардагері, осы  таза  суды  үйіне бірінші  болып кіргізген, ардақты  ана  Қ.Бүргебенова және еңбекқор жан  Б.Бекмұханбетов, ауыл тұрғындары, ішкі саясат бөлім басшысы З.Дуйсенбаева, «Достық» газет редакция ұжымы т.б. қатысты.