Лизинг берушілер, ломбардтар, риэлторларға және бағалы металдар мен асыл тастар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың дилерге  мәлімет үшін

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13)-16)-тармақшаларына сәйкес, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
ломбардтар;
бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қаржы мониторингі субъектілеріне жатады деп білдіреді.

Қаржы мониторингі субъектілерімен міндетті түрде орындау үшін КЖ/ТҚҚ туралы Заңымен рәсімдер көзделген.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Комитетке, қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорлар» ақпараттық жүйесінде (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлігі – «Хабарлама жасау тәртібі») автоматтандырылған.

 Қызметті бастағаны туралы хабарламаны қағаз жүзіндегі жіберген тұлғаларға, осы жүйе арқылы хабарламаны қайта жіберу талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.

КЖ/ТҚҚ заңнаманың орындау үшін қаржы мониторингі субъектілері, КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабымен көзделген, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты жіберуге міндетті.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері мәліметтер мен ақпаратты бөлiнген байланыс арналары арқылы ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын 3-тармағы 1-бөлігіне сәйкес, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері (АРМ-СФМ) немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы (Web-СФМ) арқылы жіберіледі.

Комитеттін ресми интернет-ресурсында (kfm.gov.kz) «ҚМСК» - «ҚОМЖЖ» бөлігінде жүйелерінде тіркеу туралы ақпарат орналасқан.

Web-СФМ жүйесі жеңілдетілген тіркеу болғаны және операциялардың үлкен емес саны бар қаржы мониторингі субъектілеріне арналған атап көрсетеміз.

Осыған байланысты КЖ/ТҚҚ және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаларын бұзу жол бермеу мақсатында, КЖ/ТҚҚ туралы заңымен көзделген қажетті шараларды қабылдау, қызметті басталуы туралы хабарламаны жіберу және жоғарыда көрсетілген жүйелерінде тіркеу міндетті түрде ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Қаржы мониторингі комитеті