Жоғарғы санатты дене тәрбиесі...

Жоғарғы санатты дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, волейболдан ардагерлер арасында облыс чемпионы, Мұсанов Болат Сәріпұлын еске алуға арналған волейболдан ерлер командалары арасында  ауданаралық жарысы

Ағымдағы дылғы желтоқсан айының 2 жұлдызында М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты мен М.Ломоносов атындағы орта мектебінде Жоғарғы санатты дене тәрбиесі пәнінің мұғалңмң, волейболдан ардагерлер арасында облыс чемпионы, Мұсанов Болат Сәріпұлын еске алуға арналған волейболдан ерлер командалары арасында ауданаралық жарысы болып өтті. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары М.Уали,  Болат Сәріпұлының ұлдары және Кеңсай ауылдық округінің әкімі Р.Тауасаров сөз сөйледі. Аудан әкімінің орынбасары М.Уали Өскемен қаласынан келген ардагер спортшы, волейболдан облыс чемпионы, Марқакөл ауданының спорт мектебінің тұңғыш директоры, жоғарғы дәрежедегі жаттықтырушы, ұлттық дәрежедегі төреші Буткенов Назыр Тұқтанұлының иығына шапан жауып, алғыс хат тапсырды. Жарыстың бас төрешісі ұлттық дәрежедегі төреші С.Ақатов спортшыларды жарыс ережесімен таныстырып өтті.

Жарысқа барлығы 11 команда қатысты. Тартысты өткен жарыста мықтылардың арасынан топ жарып, І орынды Жалши ауылының командасы иеленсе, ІІ орынды Зайсан №2 командасы, ІІІ орынды Күршім ауданының командасы иеленді.  

Жеңімпаз командалармен қатар, үздік ойыншылар да номинациялар бойынша туыстарының атынан, ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан ақшалай сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды. 

Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі