Салық төлеушілердің  назарына!

Зайсан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды.  10.12.2008 жыл № 99-ІV ҚР Салық Кодексінің 369 бабы 3 тармағына сәйкес, көлік құралын  тіркеу, қайта тіркеу немесе  мемлекеттік, міндетті  техникалық байқаудан өткізерден бұрын көлік құралының иелері  жылдық салық сомасын толықтай бюджетке аударуы тиіс делінген.  

Көлік құралдарына салынатын салықты  төлеу мерзімі 31 желтоқсан 2017 жылы аяқталады. Салық уақытында төленбесе, әр күніне  өсім шағылады. Сондай-ақ, көлік иесінесалық заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы хабарламажолданып,  30 жұмыс күні ішінде  бұзушылық жойылмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер басқармасы  мәжбүрлеп өндіру шараларын қолданады, яғни шешім шығару үшін сот органдарына жолдайды. Шешім негізінде, ӘҚБтК-ның 288 бабына сәйкес берешегі бар тұлғаға  әкімшілік шара, мемлекеттік кірістер  органдарының заңды талабын орындамағаны үшін 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (18152 теңге) айыппұл салынады. Сондықтан сенімхат негізінде сатылған  немесе жүрмей тоқтап тұрған, көлік иесі қайтыс болып, мурагерлік тағайындалмаған көлік құралдары болса, мемлекеттік кірістер басқармасына жағдайды анықтау үшін  келу  қажет немесе 8 (72340)  21958 телефонына хабарласуға болады.