«Бүкіл әлем мен үшін!»  атты 5-6 сыныптар арасындағы КТК ойыны

Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бүкіл әлем мен үшін!» атты  5-6 сыныптар арасында аудандық КТК ойыны өтті. Аудан бойынша 22 команда қатысқан қызықты да тартысты сайыста жақсы өнер көрсетіп, көзге түскен Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің оқушысы Шаяхметов Мирас, М.Ломоносов ОМ оқушысы Аянұлы Диас, Қаратал ОМ оқушысы Зарлықанқызы Әрсен  арнайы мадақтау қағазымен марапатталды.

Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Ю.Гагарин ОМ «Бақытты ұландар» командасы  жеңіп алса, І орынға Каратал ОМ «Бүлдіршіндер» командасы ие болды. Жүлделі ІІ орынды Шілікті ОМ «Ұзын-қысқа», Саржыра ШЖМ «Бәлембайда бәлембай» командалары бөлісті.  ІІІ орынды  тең түскен Х.Мустафина лицейінің «Лицей тәттілері», Айнабұлақ ОМ «Күлегеш», Мұжықсу ШЖМ «Балапан» командалары  бөлісті.Жеңімпаздар білім бөлімінің алғыс хаттары мен мадақтау қағаздарымен марапатталды.