Жас мамандарға арналған аудандық семинар туралы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру негізінде оқытудың тиімді әдістерін қолдану» тақырыбымен  Жарсу орта мектебінде жас мұғалімдерге арналған аудандық семинар болып өтті. Семинарға аудан мектептерінен 19 маман қатысты. Мектеп мұғалімдері тарапынан ұйымдастырылған әдістемелік-шығармашылық көрме барысында қатысушыларға сабақта қолдануға болатын көрнекіліктер, оқушылар шығармашылығы бойынша жұмыстар және технология пәні бойынша гоболен тоқу, оқушыларға кәсіби бағдар беру бойынша көмек көрсетілді. Жас мамандарға сабақты жоспарлау, жаңартылған білім мазмұны бойынша ҚМЖ-ны құру үлгісі, қалыптастырушы бағалау, сабақты ұйымдастырудың жолдары бойынша да әдістемелік көмек берілді.