«Дарын» базасындағы қысқы демалыс

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 25 оқушы  Таулы Үлбіде орналасқан «Дарын» базасында  өткен  «Бақытты қысқы каникул»  ауысымына қатысып келді.Бағдарламаға сәйкес  қысқы ойындар, стюбпен сырғанау, атқа міну,  мерекелік фейерверк,  қысқы алау, патшайым түні және басқада қызықты шаралар өткізілді. Балалар  2 қабатты жылы коттедждерде  тұрып бес уақыт тамақтандырылды. Биылғы  қысқы каникулдары есте қалардай өтіп, балалар  өте тамаша көңіл-күймен  үйлеріне оралды.