ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов Зайсан ауданына іссапармен келді. Сапар барысында халық қалаулысы аудан тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді. Алдымен Зайсандағы отбасылық дәрігерлік емханасына (СВА) барды, бұдан соң Қаратал ауылдық округіне атбасын бұрды. Түсте Зайсан ауданының активімен, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатында мұғалімдермен, өңір тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында Нұртай Салихұлы 2017 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, халық көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ депутат тұрғындар көтерген мәселелердің ескерусіз қалмайтынын, оларды тиісті органдарға жеткізетінін тілге тиек етті.