«Кәсіпорындарды ашу» тақырыбындағы дөңгелек үстел

25 қаңтар күні Зайсан аудандық әділет басқармасында бизнес өкілдерінің қатысуымен «Кәсіпорындарды ашу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу.

Іс шара барысында басқарманың жетекші маманы Бақыт Жұманова ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы»Заңымен қабылданған шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруды қоса тіркеу мүмкіндігі туралы, мемлекеттік  қайта тіркеуге әкеп соқпайтын ,жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты  заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда заңды тұлға әділет органына  хабарлама жасау тәртібі туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектісі  өкілдерінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы бірқатар сұрақтарына маманмен заңды кеңестер берілді.

Зайсан аудандық әділет басқармасы