Aукцион

«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығы негізінде:

2018 жылдың 13 ақпан күні сағат 15:00-де сауда-саттықтың ағылшын тәсілімен жер учаскесін жеке меншікке және жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді.

Жеке меншікке сатылатын жер учаскелерінің тізбесі:

Жер уч. № Жер учаскесінің мекен-жайы Көлемі, га. Нысаналы мақсаты Пайдалану құқығы Бастапқы баға, тг. Кепілдеме жарнасы,тг.
1 Зайсан ауданы, Дайыр ауылы 0,06 ғимаратқа қызмет көрсету үшін Жеке меншік 150 000 120 250
2 Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы 0,0516 ғимаратқа қызмет көрсету үшін Жеке меншік 140 000 120 250

Жалдау құқығын сатылатын жер учаскелерінің тізбесі:

Жер уч. № Жер учаскесінің мекен-жайы Көлемі га. Нысаналы мақсаты Кадастрлық құны Жер учаскесін жалдау құқығының бастапқы бағасы,тг. Кепілдеме жарнасы,тг. Жалға алу мерзімі
1 Зайсан ауданы, 05-069-010 есепті кварталы 1,0 ғимаратқа қызмет көрсету үшін 2 114 000 253 680 120 250 6 жылға жалға
2 Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі 0,4002 ғимаратқа қызмет көрсету үшін 2 449 224 340 000 120 250 6 жылға жалға

Ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу тәртібі: Ұйымдастырушы жер учаскесінің бастапқы бағасын және бағаның өсу адымын тағайындайды. Обьекті бойынша ең жоғарғы баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болады. Объект бойынша сауда-саттыққа қатысушылар саны екiден кем болмаған жағдайда ғана объект бойынша сауда-саттық өттi деп саналады.
Жер учаскесінің бағасы сауда-саттықта анықталып, 5 (бес) банкілік күн ішінде  аванстық төлем түрінде жер учаскесінің бағасының   50 % төленеді, ал қалған соммасы сатып алу келісім шартына қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төленеді.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке тұлғаларға: аукционға қатысу үшін өтініш, жеке бас куәлігі, кепілдеме жарна төлегені туралы түбіртектің көшірмесі.
Кепілдеме жарна «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің есеп-шотына аударылады:
ИИК КZ 580705034631519006
БИК ККМFКZ2А
БИН 060240011419
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі код ГУ 4631519
Аукционға қатысушылардан өтініш қабылдау «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылғы 12 ақпан күні 18.30-ге дейін.
Аукцион 2017 жылғы 13 ақпан күні сағат 15.00-де «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, Зайсан қаласы, Шаймардан көшесі №23 А мекен жайында өтеді.
Қосымша мәлеметтерді «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен немесе 8(72340)27-211 телефон номері  
бойынша алуға болады.