Зайсан аудандық білім бөлімі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға» конкурс жариялайды   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік  білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, Зайсан аудандық білім бөлімінің 01.02.2018 жылғы №22 бұйрығының негізінде  аудандық білім бөлімі, ШҚО,  Зайсан ауданы, Зайсан қаласында 40 орынды мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне конкурс жариялайды.

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар қатыса алады.

Конкурстың өту мерзімі: 02.02.2018 ж - 05.03.2018 ж аралығы (құжат 05.03.2018 ж сағат 9-00 қабылданады).

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

Комиссия төрағасының атына №1 қосымшаға сәйкес өтініш:

Бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжатардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу)

Медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі:

Білім беру органдарының жолдамасы мен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға  ата-аналар төлемінің  мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндетемесінің нысаны №2 қосымшаға сәйкес.

Растайтын құжаттар:

Көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің  (бұдан әрі- санитарлық ережлер) талаптарына сәйкестігі;

Санитарлық ережелер бойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;

Төтенше жағдайлар бөлімінің өрт- техникалық тексеру қорытындысына сәйкестігі;

Тәрбие мен оқыту бағдарламаларының  Стандарт талаптарына сәйкестігі;

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерилері;

Тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10% дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибиенің болуы болып табылады.

Конкурстық сұраныстарды қарау;

Конкурстық ұсыныстарды білім бөлімі басшысының бұйрығымен бекітілген конкурстық комиссия қарайды. Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырлатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесін қосу туралы шешім шығарады. Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданады деп есептеледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарға сұраныс салынған конверттер 2018 жылдың 5 наурыз күні сағат 11-00, Зайсан қаласы,Зайсан аудандық білім бөлімі, білім бөлімінің басшысының  кабинетінде ашылады. Сұраныстар ШҚО,  Зайсан ауданы, Зайсан ауылы, Жангелді көшесі №100, Зайсан аудандық білім бөліміне әдіскерлер кабинетінде қабылданады. Байланыс тел:26801, 21788