ҚР астанасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған, гір спортының ұзын циклмен көтеруден ерлер мен әйелдер және 2000 ж. туған және одан жасы кіші жасөспірімдер арасындағы ШҚО чемпионаты

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Зайсан қаласы «Жекпе-жек» залында ҚР астанасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған, гір спортының ұзын циклмен көтеруден ерлер мен әйелдер және 2000 ж. туған және одан жасы кіші жасөспірімдер арасындағы ШҚО чемпионаты болып өтті. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары М.Уали,  құттықтау сөз сөйлеп, жарыстың бас төрешісі ШҚО гір спорты және қол күрестіру федерациясының президенті Ә.Абдығалиев қатысушыларды жарыстың ережесімен таныстырып өтті.

Жарысқа облыс бойынша барлығы 8 ауданнан спортшылар қатысты. Жоғарғы деңгейде өткен жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте І орынды Өскемен қаласы, ІІ орынды Семей қаласы, ІІІ орынды Тарбағатай ауданы иеленді.

Жеңімпаз спортшылар арнайы мадақтамалармен, медальдармен марапатталса, жеңімпаз командалар кубоктармен марапатталды.

Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі