«Ай қонағы»  К.Кыдырпатшаевпен кездесу

Білім бөлімінің ұйымдастыруымен М.Әуезов  атындағы орта мектебінде  «Ай қонағы»  атты аудандық шара өтті. «Казнаковка білім беру қоры» олимпиадасының жеңімпаздары, жоғары сынып оқушылары  гір спортының   Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Қуаныш Құмарұлы Қыдырпатшаевпен  кездесті.Кездесу барысында  Қуаныш  Құмарұлы  туралы мәліметтер айтылды.Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптарын алды. Қуаныш Құмарұлы өзінің жетістіктері,өзінің осы спортта қол жеткізген атақ даңқтарына ата-анасының,әсіресе әкесінің үлкен ықпал жасағаны туралы айтты.Шетелдерде өтетін жарыстарда қандай қиыншылықтардан өткендігі,қызықты жағдайларымен ,әсерлі әңгімелерімен бөлісті.Балалардың: « Жұлдызды аурумен ауырған жоқсыз ба?Жарыс кезінде ішкі дүниеңіз кандай жағдайда болады? Жаттығу кезінде қандай қағидалар ұстанасыз?Қазақ жігітінде спортта жеңіске жету үшін қандай негізгі қасиеттерді атай аласыз?Допинге көзқарасыңыз? » -деген тағы басқада көптеген  қызық сұрақтар қойылды.Спорттада өмірде де өз мақсатына, жеңіске жету үшін керекті ұстанымдары жайлы,алдында тұрған мақсаттары туралы әңгімеледі. Ең  көп және қызық  сұрақ қойған Қаратал ОМ  10 сынып оқушысына  Оңтүстік Кореядан әкелген  футболканы сыйға тартты. Қуаныш  балалардың сұранысы бойынша 32 кг гірмен  2-3 жаттығу көрсетті.

Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға, спорттың қай түрімен  болмасын айналысуға шақырды.

Осы шараны  жоғары деңгейде өтуіне ықпал еткен Жарсу ОМ  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Г.Сатиева, тәлімгері Д.Чекетаева және М.Әуезов ОМ тәрбие  бөлімі.