Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша

Қыс маусымында өрттер мен жанулардың көбісі тұрғын үй секторында болады. Ағымдағы 2018 жылдың басынан бері Зайсан ауданы аумағында 14 жағдай, оның ішінде 2-і автокөлік өрті, 1-і авриялық құтқару жұмысы, 11-і тұрғын үй секторында тіркелді. Осы өрттердің салдары өкінішті жағдайларға әкеліп соғады. Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын үш мыңнан астам өрттер болып тұрады. Осы өрттермен келтірілген шығын жүз миллиондаған теңгеден асады. Өрттерде адамдар мерт болып жатады. Өздеріңізді осы өрттерден сақтап қалу және алдын алу үшін қарапайым өртке қарсы сақтану ережелері мен нормалардың талаптарын орындау қажет, соның ішінде;

-         ашық отты пайдалану кезінде абай болу;

-         жарамсызданған электр аспаптарын пайдаланбау;

-         бір уақытта бір электр розеткаға бірнеше электр аспабын қосу электр жүйесінің артық салмағы мен оның жануына әкеліп соғатын мүмкіндік тудырады;

-         үйден кетерде электр аспаптарын сөндіріп кету;

-         жылыту пештерін құрастыру кезінде белгіленген норма бойынша жанғыш құрылыстарға дейінгі өртке қарсы шегіністерді қатаң сақтау;

-         жылыту пештерінің түтін құбырларының қалыңдығы белгіленген нормаларға сәйкес болуы қажет;

-         үйлердің ішіндегі электр жүйесін сақтау үшін тек қане зауыт тәсілімен жасалған сақтандырғыштарын қолдану;

-         электр сымдарын оңашалаудың қорғаныштық қасиетін жоғалтпауын қадағалау;

-         балалардың отпен, сіріңкемен қауіпті ойындарын ойнауын уақытында тыию;

-         төсекте, әсіресе сауатсыз – мас түрде, шылым шегуге тыйым салу;

-         тұрғылықты үйдің ауласында құрғақ шөп, қоқысты жақпау қажет.

Зайсан ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Д.К. Даумов