Заң нормалары түсіндірілді

1 наурыз күні Зайсан аудандық әділет басқармасында  ішкі істер органының, кеден органының,мемлекеттік сот орындаушысының, жеке практикамен айналысатын заңгердің,адвокаттың және мүгедектер қоғамының  өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: құқықтық заңнаманы түсіндіру.

Аталған іс-шара барысында әділет басқармасының мамандары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту  мәселелері бойынша өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларын түсіндірді.      

Қатысушылар құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту  мәселелері бойынша пікір алмасты

Қорытындысы  бойынша   заң нормалары кеңінен талданды.

Зайсан аудандық әділет басқармасы