Астана қаласының 20 жылдығы аясында ерлер, ардагер спортшылар арасында волейболдан аудан біріншілігі

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Зайсан қаласында, атап айтқанда  М.Әуезов атындағы орта мектебінде Астана қаласының 20 жылдығы аясында ерлер, ардагер спортшылар арасында волейболдан аудан біріншілігі болып өтті.

Жарысқа барлығы 5 команда қатысты. Жарыс 40-50 жас және 50-60 жас аралығында 2 топқа бөлініп өткізілді. М.Әуезов атындағы орта мектебінің спортзалында өткен финалда мықты деген 5 команда, атап айтқанда, Зайсан №1 командасы, Зайсан №2 командасы, «Болат» командасы, Қарабұлақ және Қаратал ауылдарының командалары өнер көрсетті. Тартысты өткен додада мықтылардың арасынан топ жарып, 40-50 жас аралығындағы ерлер арасында жүлделі I орынды Зайсан құрама командасы, II орынды Қарабұлақ командасы иеленді. Ал 50-60 жас аралығындағы ерлер арасында жүлделі I орынды Зайсан ардагер құрамасы, II орынды «Болат» командасы, және III орынды Қаратал командасы иеленді.

Жеңіпмаз командалар Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы мадақтамаларымен және ақшалай сыйлықтарымен марапппатталды.

Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі.