«Президент Жолдауын талқылау және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері» тақырында өткізілген дөңгелек үстел

3 наурыз  күні Зайсан аудандық әділет басқармасының жетекші маманы Бақыт Жұманова «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы  бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зайсан аудандық бөлімінде  «Президент Жолдауын талқылау және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері» тақырында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты Президент Жолдауын талқылау және  заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуларды азайту.

Іс-шара барысында Бақыт Жұманова заңды тұлғаларды мемлекеттік  (қайта) тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта) тіркеу бойынша төмендегілерді түсіндірді.
«Заңды тұлғалар»   мемлекеттік деректор қоры атқарушылық іс-жүргізу автоматтандырылған жүйесімен,мекен-жай тіркелімімен біріктірілген.          
Тіркеу процесі кезінде  аталған қорлардан автоматты түрде сұраныс жасалынады. Егер, жетекші  мен құрылтайшылардың біреуі  атқарушылық іс-жүргізу бойынша борышкер деп саналса немесе мекен-жай тіркелімінде табылмаса, тіркеуші орган  заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге бас тартуға құқылы. Осыған байланысты,  заңды тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет алуға жүгінген тұлғалар құжаттарын тапсырмас бұрын  алдын-ала тексеру жұмысын жүргізу қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, шара барысында  Президент Жолдауының  тоғызыншы басымдығы бойынша  мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуы туралы талдау жасалды.
 

Зайсан аудандық әділет басқармасы