8 наурыз

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай  «Асыл ана » салтанатты жиын, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиында аудан әкімі Темірбек Қасымжанов құттықтау сөз сөйлеп, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне медаль тағып,«Алғыс хаттармен» мерекелік сыйлықтар тапсырылды. Халықтық «Айнакөл ән-би ансамбілі», 2017 әскери бөлімінің «Қарлығаштар» ансамбілі, музыка мектебінің «Жауқазын» би тобы, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған мерекелік концерті аналар мен аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.