Аудандық «Шәмші әндері» атты ән байқауы      

Аудандық мәдениет үйінде  Зайсан ауданының әкімдігінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ, "Жас Отан" Жастар Қанаты және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудан жастары арасындағы дәстүрлі "Шәмші әндері" атты ән байқауы өтті. Байқауға  9 үміткер қатысты. Байқау 2 кезеңнен яғни 1-ші кезең "эстрадалық жанр" 2-ші кезең музыкалық аспаптың сүйемелдеуінен тұрды. Кеш барысында Шәмші Қалдаяқов ағамыздың «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр», «Сыған серенадасы» және тағы басқа әдемі әндері орындалды. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде иегері Қизатова Аяулым Қаратал ауылдық округі, І орын иегері Мөлдір Мәуітайқызы Кеңсай ауылдық округі, ІІ орын иегері Төстікова Әдия Шілікті ауылдық округі, ІІІ орын иегері Сымбатұлы Қайнар Айнабұлақ ауылдық округі аудан әкімінің дипломмен бағалы сыйлықтармен марапатталып, қалған қатысушылар алғыс хатпен естелік сыйлықтармен ардақталды.