Ұлыстың Ұлы күні –Наурыз мерекесіне арналған

«Құтты болсын, Әз Наурыз» атты аудан орталығы Зайсан қаласында өткен мерекелік іс-шара.

Зайсан аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  орталық алаңның жанында «Құтты болсын, Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Әсем ән мен күмбірлете төгілген күй мерекені тамашалаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, Әз-Наурыздың көркін одан әрі асқақтатты. «Ақ әже» ән-би ансамбілі аналар ұлттық салт бойынша алас айтып, аластау рәсімін жасады.

Наурыз меркесіне арналған мерекелік шеруді «Баймұрат» бабамыздың бейнесін сомдаған «Балағаз» ауылының батыр палуандары бастады. Одан кейін жұртшылық абыз ақсақалдармен қатар М. Дәуленов атындағы мектеп-интернат өрендерімен бірге келген «Гүл көктемнің» көрінісін тамашалады. Зайсан қаласындағы музыка мектебі ұжымының «Біржан мен Сара», Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Бейбіт Құсанбаев және Зайсан халық театрының әртістері бейнелеген қазақтың халық ертегісі «Ұр, Тоқпақ» кейіпкерлері жалғастырды. Ары қарай          шеруді Тай қазан көтерген батырлармен ардагерлер, аға ұрпақ өкілдері жалғастырды. Келесі шеру легінде Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің оқушылары «Алтын адамды», М. Ломоносов атындағы мектеп ұжымы халықтар достығына арнап өздері дайындағын көріністі жалғастырды.  Мерекелік шеруде ұлтымыз жеті қазынаға балаған-иттер шеруі жалғасын тапты. Наурыз мерекесіне жиналған қауымды аудан әкімі Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов құттықтап, ізгі тілігін білдірді. Шалқыған ән, қазақтың салт-дәстүрін паш еткен ақшаңқан киіз үйлер әр түрлі нақышта безендірілген. Орталық алаңда киіз үйлер тіккен ұжымдарға, әр салада қызмет жасайтын бөлімдерге  номинациялар берілді.