Дайындық курсы өтті

26-31.03.2018 ж аралығында көктемгі каникул күндері 12 орта мектептен 28 «Алтын белгіге» және 17 «Үздік аттесттқа» үміткер түлектер үшін дайындық курсы өтті. Курс математика, қазақстан тарихы, физика,география,  биология, химия, ағылшын тілі, дүние жүзі тарихы пәндерін қамтыды. Дайындық сабақтарында ауданның алдыңғы қатарлы пән мұғалімдері дәріс берді. Олар: Ашимханова Н, Сабиева Э, Байғожанова А, Г. К. Салахов Қ., Шакенова С, Раисова Т ,  Сегізбаева А, Кантаева А, Молдаканова З, Бакиев Р, Кидикова Ж, Раисова Ж,  Қалибаев Ж.  Курс барысында психологиялық тренингтер жүргізілді.