«Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

5 сәуір күні Зайсан аудандық әділет басқармасының  ақпараттық-насихат тобымен Қарабұлақ ауылында «Әділет кеңес береді» атты   акция өткізілді.

Акцияға әділет басқармасының мамандары, жеке нотариустер, мемлекеттік сот орындаушысы, сонымен қатар, ауданның әртүрлі сала басшылары қатысты.

Аталған іс-шара «Әділет кеңес береді»  акциясы аясында тұрғындарға құқықтық кеңес беру мақсатында өткізілді.  

Шара барысында әділет басқармасының басшысы Айгүл Кенжебаева әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдармен шығарылатын нормативтік құқықтық актілерді,  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібі мен мерзімі туралы баяндама жасады. Жетекші маман Бақыт Жұманова Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық Бәсекеге қабылеттілігінің, «Doing Business» Банкінің «Кәсіпорынды тіркеу» индикаторы бойынша  түсіндірді. Сондай-ақ, мамандармен тұрғындардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.    

Жиын соңында ауыл тұрғындары мен ауылдық округ әкімі акцияның ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

 

Зайсан аудандық әділет басқармасы