Самбо күресінің шебері  З.Есіркегеновті еске алуға арналған дзю-до күресінен 2005-2006 ж. туған жасөспірімдер арасында облыстық турнирі

Үстіміздегі жылдың 7 сәуірі күні Зайсан қаласындағы М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатында 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында самбо күресінің шебері Зейнелбек Есіркегеновті еске алуға  арналған дзю-додан облыстық турнирі болып өтті. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Чилибаев Қамбар Кәкімұлы, Зейнелбек ағамыздың сыныптас досы Оралбаев Шаймардан Рахметолдаұлы, баласы Зайсан ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Есіркегенова Нұрша Зейнелбекқызы құттықтау сөз сөйлеп спортшыларға сәттілік тіледі. Турнирдің бас төрешісі Р.Уалханов  жарыстың ережесімен таныстырып өтті. Аудандық орталық мешітінің бас имамы Т.Елеуов споршыларға бата берді. Турнирге барлығы Өскемен, Семей, Ақсуат, Ақжар, Зайсан, Үржар командаларынан 143 спортшы  қатысты. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша:

29 кг салмақ дәрежесінде: І орын – Ануар Оразбек (Ұлан), ІІ орын – Тоқтарбеков Бекжан (Зайсан), ІІІ орын – Әділұлы Бекзат (Ақсуат), Әділханов Шерхан (Семей).

32 кг салмақ дәрежесінде: І орын – Азимбаев Ералы (Зайсан), ІІ орын – Ақылбеков Елжан (Зайсан), ІІІ орын – Кебетаев Санжар (Үржар), Қайыржанов Бақдәулет (Өскемен).

35 кг салмақ дәрежесінде: І орын -  Асхатов Ислам (Өскемен), ІІ орын – Қисанов Нұрбек (Зайсан), ІІІ орын – Мұратбеков Серікжан (Зайсан), Сәкен Еласыл (Зайсан).

38 кг салмақ дәрежесінде: І орын – Таттиғали Дидар (Үржар), ІІ орын – Жұмағалиев Дәурен (Ақсуат),  ІІІ орын – Батхан Ұлан (Зайсан), Мұхтаров Нұрасыл (Өскемен).

42 кг салмақ дәрежесінде: І орын – Елшатұлы Елара (Зайсан),  ІІ орын – Маратов Бекарыс (Үржар), ІІІ орын – Қазбеков Бауыржан (Зайсан), Сейтканов Али (Семей).

46 кг салмақ дәрежесінде: І орын – Аралбек Нұрали (Өскемен),  ІІ орын – Зайнолдаұлы Әбдуәлім (Зайсан), ІІІ орын – Джамаш Бақдәулет (Өскемен), Ришадов Алижан (Зайсан).

50 кг салмақ дәрежесінде: І орын – Сейт Данияр (Семей), ІІ орын – Құмарбеков Бекарыс (Зайсан), ІІІ орын – Сайлаубекұлы Ертай (Зайсан), Тоқтарбеков Бекзат (Ақсуат).

+50 кг салмақ дәрежесінде: І орын – Қарқын Қасиет (Зайсан), ІІ орын – Әлімханов Арсен (Зайсан), ІІІ орын – Батырбеков Алдияр (Үржар), Аскеров Темирлан (Өскемен).

Қыздар арасында:

40 кг салмақ дәрежесінде: І орын – Әлімбекқызы Маулітия (Зайсан), ІІ орын – Болатбек Шуақ (Зайсан),  ІІІ орын – Талапқан Әйми (Зайсан), Мейрамбек Айым (Зайсан).

44 кг салмақ дәрежесінде: І орын – Ошақбаева Мадина (Зайсан), ІІ орын – Қожамсейтова Айым (Ақсуат), ІІІ орын – Қабар Айғаным (Зайсан), Куманова Қызғалдақ (Ақжар).

48 кг салмақ дәрежесінде: І орын – Төлеубекова Айдана (Ақжар), ІІ орын – Жекебайқызы Алтынай (Зайсан),  ІІІ орын – Куванбекова Ақжан (Зайсан).

+ 48 кг салмақ дәрежесінде:  І орын – Садуақасова Перизат (Зайсан), ІІ орын – Қылқабаева Кәусар (Зайсан), ІІІ орын – Айдабергенова Азиза (Ақсуат).

Әр салмақ дәрежесі бойынша палуандар аудан әкімінің арнайы мадақтама грамоталарымен, және әулетінің атынан медальдармен,  ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, төрешілік еткен төрешілер алқасы мен ұйымдастырушыларға да арнайы алғыстарын білдіріп, ақшалай сыйлықтарын тапсырды.

Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі