Бағалау қызметі туралы  заң жобасын түсіндіру

13 сәуір  күні Зайсан аудандық әділет басқармасының тіркеуші- инспекторы   Жалғас  Түсүпбеков  Қазкоммерцбанк акционерлік қоғамының  Зайсан аудандық бөлімшесінің қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс- шара барысында Жалғас  Түсүпбековпен  Заң жобасына сәйкес бағалау жүргізудің негіздері мен шарттары туралы түсіндіріліп, бағалау қызметі бойынша сұрақтарға заңдық кеңестер берілді.

Банк қызметкерлері  «Бағалау қызметі туралы» Заң жобасын қолдап, пікір бөлісті.             

Зайсан аудандық әділет басқармасы