Тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалау

«Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 534, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 635, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 337 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 331 бірлескен бұйрығы күшіне 20 қарашада енгізілгендігі туралы хабарлайды.

Қалдық табиғи  тері бұйымдары  бар кәсіпкерлер осы күннен бастап 90  күннің ішінде тауарын таңбалаулары қажет. Ал импорттаушылар тері бұйымдарын еркін айналымға шығарған күннен бастап 30 күннің ішінде таңбалау жүргізуі тиіс.

Таңбалауға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өндірген немесе әкелген  Қара күзен, саз құндызы (нутрии), түлкі немесе қызыл түлкі, ор қоян немесе қоян, жанат (енот), қой терілерінен тігілген киімдер жатады.  Егер бұйымның астары ғана табиғи теріден жасалған немесе тері сырт жағынан жапсырылған жағдайларда, оларды да таңбалау керек (себебі бұйым  СЭҚ ТН 4303 тобына жатады).

Әшекейлеу функцияларын (жаға, қайырма жаға, манжеттер, қалта қақпашалары) орындайтын  терісі бар киім-кешек заттары, сондай-ақ биалай, қолғап, митенкілер, табиғи теріден жасалған бас қиімдер таңбалуға жатпайды. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға әкелген бұйымдары таңбалауға жатпайды.

Тері бұйымдарын таңбалау кезінде кәсіпкерлердің қолдану алгоритмі мынадай кезеңдерден тұрады:

GS1 Kazakhstan Ассоциациясында тіркелу;

Тауарларды GS1 жүйесіне қосу және GTIN нөмірін алу;    http://markirovka.gov.kz/ сайтында таңбалау ақпараттық жүйесіне тіркелу, таңбалау жүйесі бойынша қажетті консультацияны 1414 телефоны бойынша алуға болады (бұдан әрі – Таңбалау АЖ);

2 деңгейлі Эмитентпен шартқа қол қою;

Таңбалау АЖ-де бақылау белгісін дербестендіруге өтініш;

Дербестендірілген бақылау белгілерін алу;

Тері бұйымдарына бақылау белгілерін салу.

Таңбалауды  «ISKER AKPARAT» ЖШС жүргізетін болады.  (Астана қаласы, Ташенов көшесі 27, офис 411, тел. +7 7172 45 67 87, info@akparat.kz).

Таңбалауды жүргізу үшін бірінші кезекте GS1 Kazakhstan Ассоциациясында GTIN нөмірін алуы қажет. Кәсіпкерлер шарттарды жасасу үшін GS1 Kazakhstan Ассоциациясына жүгінуі қажет, деректемелері: БСН 040940007541, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, № 299, тел. 8 (727) 394-88-53, осы нөмірлерді алу тәртібі Ассоциацияның http://gs1.kz/ сайтында орналастырылған.