Ардагермен кездесу 

Ұлы    Жеңістің  73 жылдығын  мерекелеу  қарсаңында  4 мамыр күні  Зайсан аудандық әділет басқармасының  қызметкерлері, мемлекеттік сот орындаушысы Ұлы Отан  соғысының  ардагері    Құрманқожанов Закен  атамен кездесті.

Аталған кездесудің мақсаты   Ұлы Жеңістің ардагерлеріне құрмет көрсету.

Кездесу барысында майдангер  қария  қан майдандағы   басынан  кешкен  отты оқиғаларды    әңгімелеп, қатысушыларға бейбітшілікті бағалау туралы   сыр шертті.

Басқарма басшысы Айгүл Кенжебаева  аудандағы әділет органы  ұжымының атынан ардагерге сыйлықтар мен гүл шоқтарын сыйлап, Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мерекесімен құттықтап, өміріне зор денсаулық, барлық жақсылықтар мен табыстар тіледі.

Ардагер өз кезегінде  әділет органының өкілдеріне  жылы сөздерін арнап, көрсетілген ілтипат үшін шын жүректен рахметін айтып, «АҚ БАТА» тіледі. 

Зайсан аудандық әділет басқармасы