Семинар-оқу өткізілді

4  мамыр  күні  Зайсан аудандық әділет басқармасының қызметкерлерімен Шығыс Қазақстан облысы  кәсіпкерлер палатасының Зайсан аудандық филиалында «Бастау-Бизнес» жобасы негізінде  жеке  кәсіпкерлерге семинар-оқу өткізілді.

Семинар-оқуға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі, Зайсан аудандық әділет басқармасының және  ауданның әртүрлі сала өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымын жақсарту: «Кәсіпорындарды ашу»  және «Меншікті тіркеу»  индикаторлары бойынша, тауар таңбасы туралы  құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу.

Шара барысында әділет басқармасының басшысы Кенжебаева    Айгүл Нұрсұлтановна  жылжымайтын мүлікке құқықтарды, сондай-ақ, кепіл шартын мемлекеттік тіркеу тіркеу  тәртібі мен мерзімі туралы түсіндірді. Жетекші маман Жұманова Бақыт  Слямхановна  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу ережесін, зияткерлік меншік саласында тауар таңбасын пайдалану туралы  түсіндірді.

Іс-шара соңында  мамандармен кәсіпкерлердің сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.    

Зайсан аудандық әділет басқармасы