Бағалау қызметіне қатысты ақпараттық хабарлама

Құрметті келушілер!
2018 жылғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы қол қойған а.ж.13 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізіледі.
Осы заңның шеңберінде бағалау қызметі саласындағы лицензиялау бағалаушылар палаталарының бағалаушыларды сертификаттауына ауыстырылды.
Осыған орай, а.ж. маусымда Әділет министрлігі мүлікті бағалау жөніндегі (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны алу үшін қорытынды біліктілік емтихандарын өткізуді жоспарлап отыр.
Оған қоса, «Е-лицензиялау» дерекқорында жоғарыда көрсетілген қызмет түрлеріне лицензиялар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді Әділет министрлігінің көрсетуі жөніндегі функция алып тасталады.
Әділет министрлігінің бағалау қызметін мемлекеттік реттеу жөніндегі функциялары Қаржы министрлігіне берілді.

Зайсан аудандық әділет басқармасы