«Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу саласындағы  жаңашылдықтар»  атты дөңгелек стол

7 маусым күні Зайсан аудандық әділет басқармасы Зайсан  ауданы әкімдігінің және мәслихаттың  қызметкерлерінің қатысуымен  «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу саласындағы  жаңашылдықтар» атты дөңгелек стол өткізілді.

Іс - шара өткізудің мақсаты -Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысын түсіндіру.

Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы Айгуль Кенжебаева өз сөзінде жоғарыда аталған үкімет қаулысының негізгі бағыттарын түсіндіріп, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бойынша регламентінін уақытша ережелері, сондай-ақ  нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы одан әрі электронды құжат айналымына көшуін айтып, жергілікті мемлекеттік органдарымен ұсынылатын актілерінің сапасына ерекше назар аударды.

 Дөңгелек стол барысында нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторг қорытындысына қатысты, жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

Зайсан аудандық әділет басқармасы