Хабарландыру

Әділет министрінің 2017 жылғы 9 қарашадағы № 1408 бұйрығымен  2017 – 2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы базасында құқықтық мәселелер бойынша болашақта консультациялық алаңдар құру көзделген.

Осыған байланысты Зайсан қаласы, Б.Сатбаева көшесі №27 «В» м екен жайда  орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында ағымдағы жылдың маусым айының 14,21,28 күндері  сағат 15.00 ден- 16.00 ге дейін Әділет басқармасының, Корпорацияның қызметкерлері,  адвокаттар, нотариустар, жеке  тәжірибемен айналасатын заңгерлер, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен  халыққа  консультациялық және заң көмегі көрсетілетінін хабарлайды.