ҚР астанасы Астана қаласының 20 жылдығына орай Зайсан аудандық орталық ауруханасының спартакиадасы

2018 жылдың 9 маусымында орталық стадионда Зайсан аудандық орталық ауруханасының спартакиадасы өткізілді. Салтанатты ашылуында Аудан әкімдігі атынан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дүйсенбаева Зумрад Дүйсенбайқызы, Зайсан аудандық орталық ауруханасының басшысы А.Д.Сұлтанов құттықтау сөз сөйледі. Жарыстың бас хатшысы Айдос Қиямазанов жарыс ережесімен таныстырып, спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Жарысқа жалпы 7 бөлім қатысты, КДО, №1жаңұялық емханасы, администрация, хирургия, реанимация, жалпы терапия және жедел жәрдем
100 м жүгіру бойынша ұлдар арасында І орынды №1жаңұялық емханасы, ІІ орынды КДО бөлімі, ІІІ орынға реанимация бөлімі ие болды. Ал қыздар арасында І орынды КДО бөлімі, ІІ орынды реанмация бөлімі, ІІІ орынды №1жаңұялық емханасы иеленді.
Эстафета 4*100 м жарысы бойынша І орынды 25 ұпаймен №1жаңұялық емханасы, ІІ орынды 22 ұпаймен реанимация бөлімі, ІІІ орынды 20 ұпаймен хирургия бөлімі иеленді.
Армрестлингтен І орынды 25 ұпаймен №1жаңұялық емханасы, ІІ орынды 22 ұпаймен жалпы терапия бөлімі, ІІІ орынды 21 ұпаймен жедел жәрдем бөлімі иеленді.
Қаппен секіру жарысынан І орынды 25 ұпаймен №1жаңұялық емханасы, ІІ орынды 22 ұпаймен КДО бөлімі, ІІІ орынды 20 ұпаймен реанимация бөлімі иеленді.
Волейболдан І орынды 25 ұпаймен КДО бөлімі, ІІ орынды 22 ұпаймен реанимация бөлімі, ІІІ орынды 20 ұпаймен жалпы терапия бөлімі иеленді.
Жалпы жарыс қорытындысы бойынша 123 ұпаймен І орында №1жаңұялық емханасы жеңімпаз атанып, ІІ-орынға 121 ұпаймен КДО бөлімі жеңіп, және 119 ұпаймен ІІІ орынға жалпы терапия бөлімі ие болды.
Жарыс жеңімпаздары Зайсан аудандық орталық ауруханасының кубогімен, шағын сыйлықтарымен және арнайы мадақтама грамотасымен марапатталды.


Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі