Дәріс өткізілді

12 маусымда Зайсан аудандық әділет басқармасының инспекторы Айнұр Алдажарова Зайсан қала әкімінің аппараты қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша дәріс өткізді.
Кездесу барысында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары мен Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін және Дүниежүзілік Банктің «Doing Busineess» рейтингінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту бойынша қабылданған реформалары түсіндірілді.
Кездесу соңында тыңдаушылардың аталған тақырыптағы ой пікірлері тыңдалып, талқыланды.

Зайсан аудандық әділет басқармасы