Дөңгелек стол өткізілді

18 маусымда Зайсан аудандық  әділет басқармасының инспекторы Айжан Артыкбайева «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы  бойынша филиалының әлеуметтік қамтамассыз ету бойынша Зайсан аудандық бөлімінде  дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек столдың  мақсаты Президент Жолдауын талқылау және де сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздылығын түсіндіру.

Іс-шара барысында  Президент Жолдауының  тоғызыншы басымдығы бойынша  мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуы туралы талдау жасалып, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл» Заңының негізгі нормалары түсіндірілді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық жасаған үшін заңмен көзделген жауапкершілік туралы айтып өтті.
 Кездесудің соңында барлық қатысушылар мұндай кездесулерді тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Зайсан аудандық әділет басқармасы