Семинар өткізілді

19 маусымда Зайсан аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен адвокаттардың, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Зайсан аудандық бөлімінің, «Жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Зайсан аудандық бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шара барысында басқарма басшысы Айгүл Кенжебаева көрсетілетін мемлекеттік қызмет тәртібін, сапасын, қызмет көрсету мерзімінің бұзылмауын, көрсетілетін қызмет үшін артық алым алмауын, негізсіз мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылмауы туралы, заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жаңалықтарды айтып түсіндірді, сонымен қатар, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі» атты заң жобасының басты ережелерін, «Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының талаптары талқыланды.
Іс-шараның соңында барлық қойылған сұрақтарға тиісті заңды жүзінде жауаптар берілді.

Зайсан аудандық әділет басқармасы